• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан бокс федерациясы

    Министр Бокс федерациясының басшысына тапсырма берді

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирдің қорытындысы мен алдағы уақытта болатын жарыстарды, өңірлерде боксты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Өздеріңіз білесіздер, Италиядағы турнирде бокстан ерлер құрамасы тәуір нәтиже көрсетіп, бес салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Тек бір ғана салмақта ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайындалып жатыр (ФОТО)

    Еліміздің бокстан ерлер құрама командасы Шымкент қаласында Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирге дайындалып жатыр, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Оқу-жаттығу жиынына 80-ге жуық боксшы қатысуда. Олардың арасында лицензиялық турнирге қатысатын алты боксшыдан басқа, ұлттық құраманың өзге де мүшелері мен әр облыстың құрамалары бар. Жігіттердің дайындығы жақсы. Біз лицензиялық турнир алдында боксшылардың тактикалық және техникалық дайындығына екпін қойып жатырмыз. ...

    Read More »

    Бокс федерациясының жаңа басшысы министрмен кездесті (ВИДЕО)

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевпен кездесті. Кездесуде бокс ұйымының басшысы министрге федерацияның жоба-жоспары мен елімізде спорттың осы түрін дамытуда өз ойын айтып берді.  Министр федерация басшысына жаңа қызметіне сәттілік тілеп, спортшылардың Олимпиялық ойындар мен басқа да жарыстарға жақсы дайындалуын тапсырды. Бокс – елімізде кең тараған, жанкүйері ең көп спорт түрлерінің бірі. Сондықтан Шахмұрат ...

    Read More »

    Бокс федерациясының жаңа басшысы сайланды

    Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны болды. Жиында федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды. Жиында қауымдастықтың бұрынғы басшысы Кеңес Рақышев өзі басшылық еткен төрт жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, әріптестеріне, бокс жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Федерацияның жаңадан сайланған президенті Шахмұрат Мүтәліп бұл қызмет өзіне артылған зор ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Бокс федерациясы жүлдегер споршыға сыйақы береді (ВИДЕО)

    Қазақстан бокс федерациясы президенті Кеңес Рақышев  Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында жүлде алған әйелдер құрамасына сыйақы тапсыратынын айтты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. Бүгін бас жаттықтырушы Шамиль Сафиулин бастаған бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайға аттанды. Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындары қарсаңында ұлттық құрама жергілікті және Тәжікстан боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес ...

    Read More »

    Боксшы Саматәлі Төлтаев допинг дауына ілікті

    Бокстан Қазақстан құрама командасының мүшесі Саматәлі Төлтаев допинг дауына ілікті. Оған тыйым салынған затты пайдаланды деген айып тағылуы мүмкін. Бұл туралы bassport.kz хабарлады. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Саматәлі Төлтаевтың алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Енді екінші сынаманың қашан алынатыны белгісіз. Қазір Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) осы іске қатысты тексерісті  бастады. Боксшы 60 келіде сынға түскен.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Странджа кубогы: Бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың рингке шықпағанын түсіндірді

    Қазақстан бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгарияның астанасы София қаласында Странджа кубогы үшін өтіп жатқан  халықаралық турнирде өзбекстандық Баходиром Жалоловпен неліктен кездесуге шықпағанын түсіндірді. Бокс федерациясының хабарлауынша, Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға қолындағы жарақатына байланысты шықпады. Жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы боксшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары болады. Қамшыбек ...

    Read More »

    Маңғыстаулық боксшы Әсем Таңатар 1 миллион теңгемен марапатталды

    Кеше Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев жас боксшыларды қаржылай марапаттаған болатын. Солардың ішінде жас та болса халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғап жүрген маңғыстаулық талантты боксшы Әсем Таңатарды федерация басшысы 1 миллион теңгемен марапаттады. Былтыр Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қошемет көрсетті. Спортшылардың жеке бапкерлеріне де қаржылай ақша берді. Марапаттаудың жалпы ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжанов бас жаттықтырушы болып тағайындалды

    Бокстан КСРО және Еуропа чемпионы Мырзағали Айтжанов Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл қызметке ол 3 қаңтар күні кірісіп кетті. Бұйрық шықты. Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құрама команданы сеніп тапсырды. Сол сенімді ақтауға тырысамыз. Жаңа жылдың қарсаңында басшылар бас жаттықтырушы болуға ұсыныс айтқан болатын. Мен келісімімді бергенмін. Содан кейін бұйрық Жаңа жыл мерекесінен кейін шықты. 3 қаңтардан бері оқу-жаттығу ...

    Read More »