• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com/boxingkazakhstan/

    Министр Бокс федерациясының басшысына тапсырма берді

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирдің қорытындысы мен алдағы уақытта болатын жарыстарды, өңірлерде боксты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Өздеріңіз білесіздер, Италиядағы турнирде бокстан ерлер құрамасы тәуір нәтиже көрсетіп, бес салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Тек бір ғана салмақта лицензия бұйырмады. Ал қыздар құрамасы нашар бокстасты. Бұл турнирде біздің қыздарға функционалдық және физикалық дайындық жетіспейтіні анық байқалды. Тағы бір мәселе – қосалқы құрамның аздығы. Лайықты ізбасарлар жоқ. Сондықтан Бокс федерациясының президенті үлкен сараптама жүргізіп, қателіктермен жұмыс істеуі қажет. Таиландтағы турнирге баратын боксшыларды іріктеу қатаң түрде өтеді, — деді ол.

    Сондай-ақ кездесуде министр федерация басшысына ұлттық құрамаға сапалы ізбасарларды дайындау, өңірлерде бокс спортын дамытуды тапсырды.

    Ермек Маржықпаевтың айтуынша, былтырғы Спартакиада қай облыстарда бокстың нашар екенін көрсетіп берді. Сондықтан ол нақты өңірлер бойынша жұмыс істеу керетігін айтты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *