Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 және U22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аясында Азия бокс федерациясының кезектен тыс конгресі болды.
Жиында жаңа ұйымның басшылық құрамы сайланды.
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев Қаржылық және аудиторлық комиссияның төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Дархан Қызайбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент қызметін атқарып келеді. Сонымен бірге ол 2024 жылдың желтоқсан айында Asian Boxing уақытша кеңесінің құрамына сайланған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА