• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    World Boxing: Қазақстан жастары құрмет тұғырына көтерілді

    Бүгін Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында жаңадан құрылған Бүкіләлемдік бокс ұйымының (World Boxing) ұйымдастыруымен өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды.

    Бұл дүрмекті додада Қазақстан құраамсының ерлер және қыздар командалары 9 медальді иеленді. Олардың бесеуі алтын жүлде болса, төртеуі  күміс медаль.

    Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәли Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг), Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен Бақыт Сейдіш (70 кг) өз салмақтарында чемпион атанды.

    Илья Калинин (65 кг), Нұрбек Мұрсал (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) мен Әсел Тоқтасын (80 кг) күміс медальге ие болды.

    Бұған дейін 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында Расул Асанханов (90 кг) пен Құралай Егінбайқызы (80 кг) Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Осы санатта Әділет Төртубек (60 кг), Бибарыс Әшірбай (70 кг), Тимур Тайбеков (80 кг), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг), Аяжан Ермек (57 кг) екінші орын алса, Айым Таңқыбаева (51 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Алина Кұдайгенова (60 кг), Ақбота Есімбекова (65 кг) мен Сабина Жақсылық (80 келіден аса салмақ) қола медальді иеленді.

    Биылғы Азия чемпионатына 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысты. Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түркіменстан, Өзбекстан, БАӘ, Вьетнам, Бутан елінің былғары қолғап иелері болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *