• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиялық комитет

    Бокстан биылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының салмақ дәрежелері бекітілді

    Биыл Бахрейнде жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары жалауын көтереді. Осы дүрмекті доданың алдында бокс жекпе-жектерінің салмақ дәрежелері ресми түрде бекітілді.

    Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, жекпе-жектер Exhibition World Bahrain көрме орталығында болады. Оған 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

    Ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және 80 келіден аса салмақ;

    Қыздар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келі, 75 келіге дейін және 80 келіден аса салмақ.

    Жекпе-жектер үш раундтан тұрады. Әр раунд екі минутқа созылады. Раундтар арасында бір минуттық үзіліс болады. Жеңімпаздарды анықтау үшін Asian Boxing пен Азия Олимпиадалық кеңесі мақұлдаған электронды ұпай санау жүйесі қолданылады.

    Бастапқыда бокс Азия ойындарының бағдарламасына енгізілмеген еді. Алайда World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкиннің бастамасымен бұл спорт түрін тізімге қосу туралы шешім қабылданды. Бұл ұсыныс аймақта да, сондай-ақ Азия Олимпиадалық кеңесі мен Asian Boxing тарапынан да қолдау тапты, — делінген хабарламада.

    Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 2025 жылдың 22-31 қазан аралығында болады.  Жарыстар 24 спорт түрінен ұйымдастырылып, 5000-нан астам спортшы бақ сынайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *