• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sports.kz

    «Ордабасы» клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

    Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының бас жаттықтырушысы Александр Седнев қызметінен босатылды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

    Беларусь маманы Александр Седнев «Ордабасыға» 2021 жылы қаңтар айында бас жаттықтырушы болып келді. Сол жылы команда Қазақстан премьер-лигасында 5-орын алды. Ол 2022 жылдың ақпан айында клубта қаржы проблемасы туып жатқаны жайлы ақпар тарағанына қарамастан, келісімшартын жалғастырды. Команда бұдан кейін, сол 2022 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алса, 2023 жылы чемпион атанды.

    Осы үш жылдың мұғдарында Александр Седнев команда футболшыларын 129 матчта алаңға бастап шықты. Оның 63 ойынында жеңіске жетіп, 28 тең ойын тіркелді. 38 рет жеңіліс тапты.

    Алайда «Ордабасы» биылғы жылы Еуропа Чемпиондар лигасының ойындарын өте сәтсіз өткізді. Команда бюджеті мен трансферлік қаржысы өзінен бірнеше есе аз екі командадан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Коучтың отставкаға кетуіне осы сәтсіздіктер себеп болған сияқты.

    Александр Седнев 20 тамыз күні қорытынды баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді.

    Ол өз сөзінде команда басшылары мен жанкүйерлерге алғыс сезімін білдірді, өзіне Қазақстанның қатты ұнайтынын айтты.

    Айтқандай, Седнев 2018-2019 жылдары «Ақтөбе» командасының да тізгінін ұстаған болатын.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *