«Астана арландары» британдық қарсыластарын жеңді

WSB жартылай финалының екінші жекпе-жегінде рингке 64 кило салмақ дәрежесінде Ділмұрат Мижитов пен Конор Лофтус шықты, деп хабарлайды Sports.kz. Қазақстандық боксшы айқын басымдықпен қарсыласын жеңді, есеп — 3:0 (50:45, 50:45, 50:45). Осылайша жалпыкомандалық есеп — 3:0 болды. Қазақстандық бокс командасы жарыс аяқталмай жатып жеңімпаз атанды.

Еске сала кетсек, жартылай финалға дейін ҚазАқпаратқа сұхбат берген «Астана арландарының» жаттықтырушысы Нұрлан Сәкенұлы финалға шығарда ұлттық құрама спортшыларын көмекке шақыратынын атап өткен болатын.

inform.kz

Пікір жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*