• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан Студенттер лигасының бірінші туры аяқталды

    Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен елімізде жастар арасында волейболды  дамыту, студенттердің халықаралық  жарыстарға қатысуы үшін құрама команданы анықтау және жоғары оқу орындарының спорт клубтары арасындағы байланыстарды арттыру мақсатында  Қазақстан студенттер лигасы басталды, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі.

    Лига 5 турдан тұрады. FIVB халықаралық ережелері бойынша өткізілуде.

    1-тур 23.02-01.03.2020 ж. Түркістан қаласы (Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ);
    2-тур 9-16.03.2020 ж. Өскемен  (Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ);
    3-тур 13-20.04.2020 ж. Алматы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);
    4-тур қазан 2020 ж. Қызылорда (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ);
    5-тур қараша 2020 ж. Түркістан  (Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ);

     

    1-тур 23 ақпанда басталды. Осы күндері 5 команданың арасында үздіктер белгілі болды. Бірінші орынды Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан) жеңіп алды. Екінші орынды Қорқыт ата ҚМУ (Қызылорда) иеленді. Ал үшінші орынға Д.Серікбаев атындағы ШҚТМУ (Өскемен) жайғасты.

    Келесі айналым Өскемен қаласында өтеді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *