• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина жеңісі үшін 1 млн доллардан астам жүлде алды (ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған соң, 1 млн доллар жүлде жеңіп алды.

    Ол финалда әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, екі сағаттан астам уақытқа созылған сында қарсыласын 7:6 (13:11), 6:4 есебімен ұтты.

    Сөйтіп, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Елена Рыбакина Арина Соболенкодан Австралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.

    Мен ғажап әсер алдым. Бұл екі апта бір жағынан қиын болды. Екінші жағынан алып қарағанда, мен үшін сәтті өтті. Финалда бірінші сетте екеумізде де мүмкіндіктер болды. Ақырында таразы басы маған ауды. Бірінші сеттен кейін кішкене жеңілдеді деп ойлаймын. Тай-брейк қателіктермен де есте қалды. Жүйкеге де салмақ түсті. Әр ұпай үшін аяғына дейін күресуге тура келді. Бізді қолдағандардың бәріне үлкен алғысымды айтқым келеді. Аринаны да тамаша өнерімен құттықтаймын! Мұндай финалдарда әлі де ойнаймыз. Мен келесі жылы да келіп, өз жетістігімді қайталауға дайынмын, — деді Елена.

    Ол турнирді ұйымдастырушыларға, демеушілерге, директорларға, ең бастысы, өз командасына ризашылығын білдірді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *