Tag Archives: Серік Төкеев

Арман Шораевқа жауап. Қазақ күресін сергелдеңге салған біз емес

Еліміздің бас газетінде жарық көрген Арман Шораевтың «Қазақ күресін сергелдеңге салған кім?» (16.11.2017) деген мақаласын оқып, оның кейбір ұшқары пікірлері мен негізсіз айыптауларына жауап жазғанды жөн санадым. Бұл мақаланы оқыған адам Арман Шораев республикалық қазақ күресі федерациясының президенті қызметіне сайланғанға дейін Қазақ елінде ұлттық күрес болмағандай, болса да қиюы қашқан, берекесі жоқ тірлікті көзге елестетеді. Арман Шораев ұлттық күрестен балуан ...

Read More »

Әлемдік дода отыз сегіз елдің басын қосты

Жақында Беларусьтің астанасы Минск қаласында қазақ күресінен өткен жетінші әлем чемпионатына 38 елдің палуаны қатысты. Жарыста қара нәсілді спортшылардың үстіне төл күресіміздің күртешесін киіп, «Баста», «Тоқта» деген төрешілердің қазақ тілінде берген бұйрықтарына бағынып, күресіп жатқан сәтін көргенде кеудеңді мақтаныш сезімі билейді екен. Әлем чемпионатына қатысқан мемлекеттердің көпшілігінде қазақ күресі федерациясы жұмыс істейді. Кейбірінде енді ашылғалы жатыр. Бұл дегеніміз – қазақтың ...

Read More »

Қазақ күресінің желбіреген жалауы

Серік Төкеев ағамызды бізден артық білетін адамдар көп қой. Оны өзімен өмір бойы үзеңгілес болып, сырласып жүрген әріптестері жақсы біледі. Ал біздің Серік ағамен таныстығымызға 13 жылдай ғана уақыт болыпты. Содан бері екеуміз ағалы-інілі болып сыйласып келеміз. Секеңмен таныстығым 2004 жылы басталған. Бұл – Афина Олимпиадасы өтетін жыл болатын. Сол жылы «Егемен Қазақстан» газетінде істеп жүргенімде спортшылардың төрт жылда бір ...

Read More »

Азия ойындары қазақ күресін құшағына алды

Осыдан 10-20  жыл бұрын қазақ күресінің Азия ойындарына кіргелі жатыр десе ешкім сенбеген болар еді. Міне, Аллаға шүкір қазағымның ұлттық күресі Азиада бағдарламасынан ойып тұрып орын алып, Алаш жұртының сан жылдар бойы арман еткен тілеуі орындалып отыр. «Қазақ күресінің Азия ойындарында не бар? Одан не ұтады?», – дейтұғын жандар да ел ішінен табылып жатты. Жалпы айтқанда, қазақ күресі өз тарихында ...

Read More »