• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Видеодан скриншот

    Қазақстан мен Ресей хоккейшілері төбелесті (ВИДЕО)

    Санкт-Петербург қаласында хоккейден Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойыншылары Бейбарыс Оразов пен Андрей Матюшинмен жаға ұстасып,  төбелесіп қалды.

    Бұл матчта 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Ресейдің 18 жасқа дейінгі командасынан үлкен есеппен жеңілді. Ойын аяқталар кезде Оразов Матюшинмен шекісіп, оны соқының астына алды.

    Жалпы, хоккейде төбелестер жиі болып тұрады. Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес 1987 жылы КСРО мен Канада жастар құрамалары арасындағы матчта болған. Бұл матчта 4:2 есебімен Канада құрамасы алға шыққанда ойынның екінші кезеңінде Канаданың қорғаушысы Тео Флери КСРО шабуылшысы Валерий Зелепукинді арқасынан бір ұрып, ұрыс-керісті бастап кеткен.  Соның кесірінен қос құраманың ойыншылары топ-топқа бөлініп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

    Қосалқы құрамдағы ойыншылар қатарындағы Кеңес Одағы құрамасының төрт ойыншысы да орындарын тұрып, төбелеске қосылды. Көп кешікпей мұз айдынына екі кұраманың да қосалқы құрамындағы ойыншылары шығып, жағдайды ушықтырып жіберді. Екі құраманы тәртіпке шақыру әрекеттері ештеңе әкелмегендіктен, аренада жарық өшірілген. Екі елдің хоккейшілерін тәртіпке шақыра алмаған норвегиялық төреші Ханс Ронинг пен екі лайнсмен мұз айдынынан кетіп қалды. Ақырында екі команда ойыншылары 18 айға, ал екі жаттықтырушы 3 жылға ойыннан алыстатылды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *