• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sport.kg

    ҚФФ Станислав Черчесовтың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

    Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желіде ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Ресей азаматы Станислав Черчесовтың алатын жалақысы туралы тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

    Кейбір ақпарат көздері Черчесов жылына 1,2 млн еуроға жуық ақша алады деп жазған.

    Мысалы, әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда ол айлығын теңгеге шаққанда 1 168 800 000 теңге алады.

    ҚФФ бұл ақпаратты растамады.

    Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы Станислав Черчесовтың жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шынайылыққа сәйкес келмейді.

    Келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра жаттықтырушының жалақысы жария етілмейтінін хабарлаймыз. Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды,

    Ал Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды,  — делінген хабарламада.

    Еске сала кетсек, кеше Станислав Черчесовтың футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалғаны туралы хабар шықты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *