• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Біріккен күрес одағы

    Еркін күрестен U20 ӘЧ: Қазақстан балуандары бес медальмен келе жатыр

    Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес балуандарының күресі аяқталды.

    Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бес медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын жүлде.

    Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

    Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) мен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдені иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *