• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Белгілі жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаров сайлауда өз таңдауын жасады

    ММА шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №1058 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

    Нұрсұлтан Орынбасаров – С.Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубының негізін қалаушы, грепплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

    Спортшы жеңістің артында тәртіп, табандылық пен жауапкершілік тұрғаны секілді, ел болашағына қатысты маңызды қадамдарда да азаматтық жауапкершіліктің орны ерекше екенін айтты.

    «Спортта біз әрдайым еліміздің абыройын биік қоюға тырысамыз. Елдің болашағы, бірлігі мен тұрақтылығы – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел дамуына өз үлесін қосуы маңызды. «Әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек», деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

    Дауыс бергеннен кейін спортшы тұрғындарды бірлік пен ынтымақты сақтап, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

     

    Наима НҰРАЛИ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *