World Boxing халықаралық федерациясы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады SportPress.kz.
Рейтингте Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден аса) көш бастады.
Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) екінші орынға орналасты. Ал Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) үздік үштіктен көрінді.
Сондай-ақ үздік ондыққа мына спортшылар кірді: Сабыржан Аққалықов (4-орын, 75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (4-орын, 80 келіге дейін), Надежда Рябец (4-орын, 80 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (6-орын, 60 келіге дейін), Виктория Графеева (6-орын, 60 келіге дейін), Елдана Тәліпова (7-орын, 80 келіден жоғары), Ертуған Зейнуллинов (9-орын, 65 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (9-орын, 85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (9-орын, 90 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (10-орын, 70 келіге дейін).
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары