• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды

    2026 жылдың басынан бері спортшылар халықаралық жарыстарда жақсы нәтижеге жетіп келеді. Атап айтқанда, отандастарымыз әлем чемпионаттарында 43, Азия чемпионаттарында 48 рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлады SportPress.kz.

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, жалпы ел спортшылары 341 медаль иеленді. Оның 103-і – алтын, 106-сы – күміс, 132-сі – қола жүлде.

    «Биылғы айтулы жетістіктердің бірі ретінде Қазақстанның сапымен семсерлесуден ерлер құрамасының тарихи жеңісін атап өтуге болады. Ұлттық құрама алғаш рет әлем чемпионы атанып, әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарында да топ жарды», деді ол.

    Теннисші Елена Рыбакина да ел спортының мерейін үстем етті. Ол 2026 жылы әлемнің бірінші ракеткасы атанып, «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирде жеңіске жетті.

    Жапонияның Нагоя қаласында өткен XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 84 медаль жеңіп алды. Оның 12-сі – алтын, 24-і – күміс, 48-і – қола. Нәтижесінде Қазақстан 46 елдің арасында жалпыкомандалық есепте 8-орынға ие болды. Ал V жазғы Пара Азия ойындарында ұлттық құрама 50 медаль иеленді. Оның 12-сі – алтын, 16-сы – күміс, 22-сі – қола. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 9-орынға тұрақтады.

    Бұл жетістіктер спортшылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің әлемдік спорттағы әлеуетін айқын көрсетеді.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *