Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан күрес федерациясының жұмысына баға берді, деп хабарлады SportPress.kz.
«Бір-екі жылдың ішінде алтын медаль жеңіп алу өте қиын. Күресте жақсы нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс қажет. Менің ойымша, федерация аз уақытта өңірлердегі жұмысты жолға қойып, Күрес академиясын құруға кірісті.
Астанада өткен конгресте федерация президенті Еркін Оқасов Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) бюро мүшесі болып сайланды. Бұл – Қазақстан күресі үшін тарихи оқиға. Жас спортшыларымыздың нәтижелері де қуантады. Биыл 23 жасқа дейінгі палуандар әлем чемпионатында үш алтын, ал 17 жасқа дейінгі спортшылар әлемдік додада екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл – болашақта әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын мықты спорттық резерв», деді министр.
Бұған дейін Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович Астанада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының ұйымдастырылуына жақсы баға берген болатын.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары