• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Азиада: Қазақстан қоржынында 84 жүлде

    Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды. Қоржында 12 алтын, 24 күміс, 48 қола бар, деп хабарлады SportPress.kz.

    Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтап, Ханчжоудағы нәтижесін үш сатыға жақсартты.

    Бокста Қазақстан 12 жылдан кейін Азиаданың алтын жүлдесі қайта жеңіп алды. Төрехан Сабырхан мен ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай чемпион атанды.

    Сапымен семсерлесуден ерлер құрамасы финалда Корея Республикасын 43:42 есебімен жеңіп, алғаш рет Азиаданың алтын жүлдесіне иеленді.

    Академиялық есуде Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ерлер арасындағы қос ескекті қайық жарысында топ жарып, елімізге осы спорт түрінен алғашқы Азиаданың алтын медалін сыйлады.

    Таеквондодан Темірлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, Қазақстан тарихындағы осы спорт түрінен алғаш рет Азиаданың чемпионы атанды.

    Велоспортта Алексей Луценко Азиададағы алтын медаль санын алтыға жеткізді. Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы велоспорттан Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені әкелді.

    Каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева чемпион атанды. Ол үшін бұл Азия ойындарындағы екінші алтын медаль.

    Аралас жекпе-жек Азиада бағдарламасына алғаш рет енгізіліп, Қазақстан спортшылары бірден екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

    Дзюдодан ұлттық құрама жекелей сында алғаш рет төрт финалға шықты. Елдос Сметов, Әбиба Әбужақынова, Әділет Алмат пен Ажар Асхат күміс жүлдеге ие болды. Аралас командалық сында да Қазақстан күміс медаль жеңіп алды.

    Спорттық гимнастикада Милад Карими еркін жаттығуда күміс жүлдеге ие болып, Қазақстанға осы бағдарламада 32 жылдан кейін Азиада медалін әкелді.

    Еркін күрес шеберлері үш қола медальге ие болды. Әйелдер құрамасы бір күміс және екі қола жүлдені иеленді.

    Осылайша бірқатар спорт түрінен ұлттық құрама ел тарихындағы жаңа белестерді бағындырды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *