• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    fckairat.com

    «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Кирилл Кеккер қызметінен кетті

    «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Кирилл Кекердің қызметінен кетті.

    Футбол клубының хабарлауынша, ол командадаға басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кетемін деп өтініш жазған. 44 жастағы маман «Қайрат» ФК қала береді.

    Кекер команданы 2022 жылғы маусымнан бастап жаттықтырған. Оның жетекшілігімен «Қайрат»  60 матч ойнап, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 ойында тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы уақытта «Қайрат» ФК академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

    Енді 4 мамырда «Атырау» клубымен болатын матчқа команданы бұған дейін «Қайрат-Жастар» ұжымын басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *