• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алманың отаны – Алматы

    Халықаралық алма күніне байланысты Алматыдағы Президент Іс басқармасына қарасты «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі алма фестивалі өтті.

    Мерекені тамашалауға келген көпшілікке аспаздың қиялынан туған алмадан жасалған түрлі дәм ұсынылып, дастархан жайылды.

    Шипажай директорының айтуынша, алма мерекесін өткізудің мақсаты- демалушылар мен келушілерге көтерінкі көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ жеміс тарихын насихаттау.

    Халықаралық алма күніне орай біздің аспаз қыз-жігіттер арнайы рецепт бойынша жаңа піскен алмадан 1000 порция кондитерлік өнім дайындады. Мерекенің ерекше безендірілуі алма мұражайының инсталляциясы, іс-шараның әр бұрышы алманың бай тарихы мен аймақ мәдениеті туралы баяндап тұр. Бұл мереке биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұны дәстүрге айналдырмақпыз, – дейді шипажай директоры Гүлжанат Бұғыбаева.

    Іс-шараға эстрада жұлдыздары да қатысып, мерекенің көркін қыздырды.

    Кеш қонақтары апорт жемісінің қаланың символына айналып кеткенін айтып, қызықты деректер айтты. Қала бақтарында өсетін алмалардың салмағы 500-ден 800 граммға дейін жеткен. Мерекелік жиында түрлі сайыс өтіп, көпшілікке қолөнер бұйымдары көрсетілді. Салтанатты іс-шараға эстрада әншілері қатысып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекелік жиында түрлі сайыс өтіп, көпшілікке қолөнер бұйымдары көрсетілді.

    Ұзындығы 100 метрдей штрудель әзірледік. Алма күні болғандықтан, түрлі тағам жасадық, – деді бас аспаз Алмас Осипов.

    Аспаздардың алуан түрлі қиялынан туған тағамдардан бөлек, демалушыларға шығармашылық бұйым ұсынылды. Ұлттық нақыштағы киім мен киізден жасалған әртүрлі туындыны тамашалаған жұрт іс-шараның дістүрге айналғанын қалайды.

    Мерекенің ерекше безендірілуі алма мұражайының инсталляциясы, іс-шараның әр бұрышы алманың бай тарихы мен аймақ мәдениетіндегі маңызы туралы баяндады. Онымен қоса, қонақтарды отандық эстрада жұлдыздары Ерлан Көкеев, Нұрлан Еспанов және басқа да әртістер мен музыканттардың қойылымдары бар ойын-сауық бағдарламасы өтті.

    Мереке шипажай аумағында таулардың етегіндегі әсем тротуар аймағында өтіп, бағдарламада түрлі жарыстар, дәм тату, шеберлік сағаттар және қойылымдар көрерменге ұсынылды. Алма институтының мамандары Алматының тарихы және оның алмамен байланысы туралы әңгімеледі.

    Мерекелік шара аяқталған соң БАҚ өкілдеріне «Almaty Resort» шипажайына арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Журналистер қауымы шипажайда жүргізілетін емдеу шараларымен етене танысып, өздерінің толғандырып жүршген сауалдарына тұщымды жауап алды.

     

    Нұрлан БАҚДӘУЛЕТҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *