Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды.
Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңде екі жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын үшінші болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 7:55.850 секунд.
Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл — оның 2019 жылдан бергі Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер атанды. Екінші жарыс күні Надежда Морозова 1500 метрде күміс жүлде алған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА