• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: желтоқсан 2017

    Атырауда қазақ күресінен жарыс өтті

    Бүгін Атырау қаласындағы №1 БЖСМ спорт залында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін ІІ батыс аймақтық ашық турнир өтті. Мектептің спорт залы əдемі безендіріліп, екі ақ шаңқай киіз үй тігілгені жарысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Спорт мектебінің директоры Бимырза Тайжановтың құттықтау сөзімен ашылған турнирде журналдың бас редакторы Мұсағали Тасқалиев турнирдің негізгі ұйымдастырушысы, облыстық қазақ күрес федерациясының ...

    Read More »

    Барлық өңірге жаңа бозкілемдер сыйға беріледі

    Жақында  Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Сауат Мыңбаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы  Тимур Құлыбаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірлеріндегі спорт мектептерін арнайы кілемдермен жабдықтау қолға алынды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Демеушілердің көмегімен атқарылып жатқан жоба келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Федерацияның есебі бойынша алдағы уақытта даму жағынан артта қалып жатқан аймақтарға 150-ден аса кілем үлестіру жоспарда бар. Соның ...

    Read More »

    Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: «Бұл жарыс жастардың қарымын көрсетеді»

    Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне неліктен әлемдік дәрежедегі сайыс ТМД мемлекеттерінің арасында алғаш рет Қазақстанда болатынын айтып берді. — Қасым-Жомарт Кемелұлы, алда үстел теннисінен Астанада өтетін Гранд финал сайысы келе жатыр. Біздің елдің жарысты өткізуде дайындығы қалай?  — Бұл турнирді өткізу — Қазақстанның үстел теннисі федерациясы үшін ...

    Read More »

    «Астана» тұңғыш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

    Бүгін Чехияның Прага қаласында «Славия» мен «Астана» клубтары кездесті. Бұл матчта бүкіл елдің үмітін арқалап барған «Астананың» ойыншылары алаң иелерін 1:0 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. Матчта жалғыз допты босниялық Марин Аничич соқты. Ол ойынның 38-минутында прагалық қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланып, допты бос қақпаның торына тоғытты. Бірінші таймның басында да соңында да Астананың» гол соғуға бірнеше ...

    Read More »

    Ақын Ордабайұлы – жыл журналисі

    Бүгін Алматыда əріптесіміз, белгілі спорт журналисі Ақын Ордабайұлы Қазақ спорт жəне туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-əдістемелік журналының бірлескен жобасы бойынша өткізілген конкурста «Жылдың үздік журналисі — 2017» аталымының жеңімпазы атанды. Біз Ақын ағамызды, досымызды осы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Өйткені, ол спорт журналистикасындағы барлық құрметке əбден лайық. Ақаң студент кезінен бері қолына қалам мен микрофонды қатар ұстап келе ...

    Read More »

    Алматыда «Тән сұлулығы — ұстазда» спорттық фестивалі өтті

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесі күні Алматыдағы Абай атындағы   Қазақ Ұлттық Педогогикалық унверситетінде «Тән сұлулығы – ұстазда» спорттық фестивалі өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саламатты қоғамды қалыптастыру саясатын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан спорттық шара барысында  арқан тарту, волейбол, қазақ күресі,  жеңіл атлетика, веложарыс, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ,  қол күресі спорттық ойын түрлері  бойынша жарыстар ұйымдастырылып, ректорат құрама ...

    Read More »