Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Олимпиялық ауылда спортшылардың ас мәзірі туралы мәлімет берді.
Комитет 26 шілде мен 11 тамыз аралығында спортшылар мен шенеуніктерге 500 тағам түрі ұсынылатынын хабарлады.
12 шілдеде Олимпиялық ауылдағы 3 500 орынға арналған асхана тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Мәзірге француз, Азия, Африка-Кариб теңізі мен әлемдік делінген тағамдар беріледі.
Күн сайын спортшыларға 40-тан 120-ға дейін танымал әлемдік тағамдар ұсынылады. Олимпиадаға қатысушыларға тамақты жыл сайын «Роллан Гаррос» пен «Тур де Франс» жанкүйерлерін тамақтандырып жүрген жергілікті аспаздар жасайтын болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА