• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Спорттық семинардың пайдасы зор болды (ФОТО)

    Жуырда Алматы қаласындағы К.Ахметов атындағы Олимпиада ізбасарларының республикалық  мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің ұйымдастыруымен «Спорттық оқу орындары ұстаздарының педагогикалық тәжірибесін талдап, қорытындылау барысында зияткерлік құндылықтар жүйесін қалыптастыру» атты республикалық интерактивті семинар — практикум өтті.

    Семинардың ашылу салтанатында Лаура Қадырқызы Айтбаева айтулы мектеп-интернаттың тарихы мен жетістіктері туралы баяндама жасады. Келесі кезекті белгілі спорт зерттеуші маман педагогика ғылымдарының докторы, профессор Анатөлі Қожекенұлы Құлназаров «Қазақстанда спорттық мектеп интернаттар мен колледждер жағдайында спорт резевтерін даярлаудың ерекшелктері» туралы ғылыми негізді дайындаған баяндамасымен жалғастырды.

    Бұл семинар-практикумға Астана қаласындағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы ОРРММИК, Риддер қаласындағы ОРРММИК, Алматы қаласындағы «Шаңырық» шағын ауданындағы  ОРРММИК, республикалық спорт колледжі мен Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚММИ,

    және Алматы қаласының қалалық спорт мектептерінің мұғалімдері, оқытушылары, тәрбиешілері қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

    Семинарды өткізудегі негізгі мақсат білім, тәрбие және спорттық жетістіктерді дамытудың іргелі факторы ретінде зияткерлік құндылықтың маңыздылығын арттыру еді. Сонымен қатар оқушылардың білім сапасын, спорттық нәтижелерін және тәрбиелік деңгейін көтеру мақсатында спорттық оқу орындарында педагогикалық қызметтің барлық салаларында тиімділік және қолдану мүмкіндігі тұрғысынан педагогикалық тәжірибені талдау және қорытындылау болды.

    Семинарда интерактивті оқыту мен тәрбие беру әдістерін көрсетіліп, заманауи инновациялық технологияларды енгізу жұмыстары практика жүзінде іске асты. Негізі спорттық оқу орындарындағы ұстаздардың педогогикалық тәжірбиесін талдап қортындылау барысында зяткерлік құндылықтар жүйесін қалыптастыру бағытындағы осындай республикалық семинардың берері мол деп білеміз. Семинар соңында сертификаттар тапсылырып, концерттік қойылымдар көрсетілді.

    Семиранда қозғалған, мәселердің барлығы дерлік өте өзекті. Сонысымен семинар пайдалы әрі ұтымды болды деп түйіндеуге болады.  «Ұстазсыз шәкірт тұл»-демекші, баланың толыққанды білімді, сауатты, мықты спортшы болып қалыптасуына ұстаз оқытушының ролі айырықша. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты», деген қанатты сөзде бар. Сондықтан да К.Ахметов атындағы Олимпиадалық ізбасарларды даярлайтын республикалық мамандандырылыған мектеп-интернат колледждің бұл бастамасына еліміздің әр аймағында спорт мектептері қосылып жалғастыра жатар деген сенімдеміз. Спортта алғыр алда болуы үшін білімнің берер пайдасы зор екенінін ұмытпағанымыз абзал.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *