• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    rsport.ria.ru

    Роналдо «Крузейро» клубын сатты

    Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо (Роналду Луис Назариу ди Лима) «Крузейро» футбол клубының бақылау пакетін сатты.

    Marca-ның хабарлауынша, клуб акцияларының 90 пайызы үшін Роналдо 109 миллион еуро алды.

    Менің мақсатым орындалды. Мен «Крузейро» футбол клубының қаржыдан тапшылық көрмеуі үшін басқа адамға сатуды ойластырып жүрген едім, – деді ол.

    Роналдо ең алғаш футболдағы мансабын «Крузейрода» бастаған. Ол соңғы 3 жыл бойы клубтың қожайыны болды.

    «Крузейро» спорт клубы – Бразилиядағы атақты командалардың бірі.

    Роналдо 2021 жылы клубты 70 млн еуроға сатып алған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *