Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо (Роналду Луис Назариу ди Лима) «Крузейро» футбол клубының бақылау пакетін сатты. Marca-ның хабарлауынша, клуб акцияларының 90 пайызы үшін Роналдо 109 миллион еуро алды. Менің мақсатым орындалды. Мен «Крузейро» футбол клубының қаржыдан тапшылық көрмеуі үшін басқа адамға сатуды ойластырып жүрген едім, – деді ол. Роналдо ең алғаш футболдағы мансабын «Крузейрода» бастаған. Ол соңғы 3 жыл бойы клубтың қожайыны болды. ...
Read More »