• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 06.06.2024

    Константин Малиновский ел рекордын қайталап, Әлем кубогының финалына шықты

    Бүгін мерген Константин Малиновский Германияның Мюнхень қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол 50 метрге 3 позицияда винтовкамен нысана көздеудің іріктеуде 593 ұпай жинап, бесінші орын алды. Ертең Константин Малиновский финалда жүлдеге таласатын 8 адамның арасында болады. Ол кеше алғашқы іріктеу айналымында 585 балға ие болып, ...

    Read More »

    Қазақстан балуандары Мажарстандағы турнирдің финалына шықты

    Мажарстанның Будапешт қаласында күрестен өтіп жатқан рейтингілік  турнирде еркін күрес балуаны 97  келі салмақтағы Әлішер Ерғали жеңімпаз атағы үшін бозкілемге шығады, деп хабарлады olympic.kz. Ол финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовпен белдеседі. Жарыста Ерғали Түркия, Грузия мен Иран балуандарын жеңді. Осы салмақтағы тағы бір өкіліміз, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан турнирдің жартылай финалында сүрінді. Ризабек Айтмұхан әзербайжандық спортшы Магомедовті 15:7 есебімен жеңді. Енді ол қола ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Велоспорттан Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының спортшылар аралас командалық эстафетада топ жарды. Бұл бәсекеде ел намысын Рината Султанова, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова мен Фаина Потапова қорғады. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Гонконг командасы иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    «Бәрін де уақыт көрсетеді»: Станислав Черчесов ұлттық құрамаға баға берді

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов жаңа қызметке тағайындалған соң алғаш рет БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол бас жаттықтырушы қызметіне тағайындауына қатысты пікір білдіріп, алдағы жоспарларын айтты. Мен федерация басшылығымен сөйлесіп, алғашқы екі ойынға қатыспаймын деп шештік. Барлығын жоспарлау керек. Себебі, Арменияға ұшуға мүмкіндігім жоқ. Өйткені, мен бұл күндері ұлттық құрамаға бас жаттықтырушы болуды жоспарламаған едім. Мен Венгрияға ұшуды ...

    Read More »

    Стенд атушылар Green Cup турнирінің жеңімпазы атанды

    Стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан Green Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. «Скит микс» жаттығуында Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова жұбы қола жүлдегер атанды. Ал «трап»  жаттығуы бойынша Виктор Хасянов жеңімпаз атанды. Турнирде жүлде алған Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен. Тоди қалсындағы турнир 22 мамыр басталған. Ол 9 маусымға дейін болады. Жарысқа ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос»: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен ойнап, одан жеңілуге мәжбүр болды. Филипп Шатрье кортында италиялық теннисші матчты брейкпен бастады. Есеп 2:0 болғанда ол тағы бір брейк жасап,  бірінші сетте 6:2 есебімен жеңді. Паолини екінші сетте де брейкпен 2:1 есебімен алға шықты. ...

    Read More »