• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    «Ролан Гаррос»: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен ойнап, одан жеңілуге мәжбүр болды.

    Филипп Шатрье кортында италиялық теннисші матчты брейкпен бастады. Есеп 2:0 болғанда ол тағы бір брейк жасап,  бірінші сетте 6:2 есебімен жеңді.

    Паолини екінші сетте де брейкпен 2:1 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

    Үшінші, шешуші сетте Паолини Рыбакинадан 6:4 есебімен басым түсті.

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *