«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, алаң иелері Қобыланды батыр стадионында 11 жылдан бері алғаш рет жеңісті тойлады. Бұған дейін «Ақтөбе» Еурокубок аясында соңғы рет 2014 жылдың 23 шілдесінде жеңіске («Динамо» (Грузия) жеткен болатын. Ал бүгінгі ойынның 29-минутында «Ақтөбе» сапынан Дэниел Соса мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда да ...
Read More »Daily Archives: 24.07.2025
Конференция лигасы: «Астана» мен «Зимбру» тең түсті
UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Молдованың «Зимбру» командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Матчтың бірінші таймында қонақтар бірінші болып есеп ашты. 45-минутта Гай Дахан гол салды. Екінші таймның 56-минутында «Астана» сапынан Иван Башич алаң иелерін жеңілістен құтқарды. Енді келесі ойын 31 шілдеде болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Дзюдошылар Универсиадада қола жүлдені иеленді
Германияда өтіп жатқан Универсиадада дзюдодан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Бірінші күні спортшылар финалдық кезеңге жолдама алып, үшінші орыннан көрінді. 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңсе, 66 килоға дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев Украинаның өкілі Микита Холобородькодан басым түсіп, үшінші орынға ие болды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Самирхон Абабакиров Универсиадада екінші медалін жеңіп алды
Таеквондодан Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан Универсиададағы жарыстарын аяқтады. Универсиаданың соңғы күні ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдені жеңіп алды. Әйелдер құрамасы командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Мария Севостьянова, Айша Әділбекқызы мен Нұрай Хусвинова ел құраамсына медаль сыйлады. Қазақстан аралас командалар арасында да үшінші орынды иеленді. Самирхон Абабакиров, Қабылан Бейбарыс, Назым Махмұтова мен Айдана Сүндетбай жүлдегер атанды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ...
Read More »