• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 18.08.2025

    Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан қоржынында бір алтын, екі қола жүлде!

    Еркін күрес балуандары әлем чемпионатында бір алтын, бір қола жүлде алды. Осы күндері Болгарияның Самоков қаласында еркін күрестен әлем чемпионаты болып жатыр. Күні кеше басталған дүрмекті додада еркін күрес шебері Едіге Қасымбек U20 санатында әлем чемпионы атанды. Ол финалда Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді. Ал, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) пен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола ...

    Read More »

    Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында екі медаль алды

    Слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Александр Коробов пен Екатерина Таранцева «байдарка-кросс» сынында көзге түсті. Коробов екінші орын алса, Таранцева қола жүлдегер атанды. Бұған дейін Таранцева «байдарка жалғыз» жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева «каное жалғыз» сайысында қола жүлде иеленген еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ...

    Read More »

    Тимофей Скатов челленджер турнирінде топ жарды

    Әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов  Италияның Тоди қаласында өткен челленджер турнирінде топ жарды.  Ол финалда әлемнің 233-ракеткасы, италиялық Стефано Травальямен ойнап, – 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші партияда Скатов 3:0 есебімен алға шыққан еді. Бірақ Травалья тез арада таразы басын теңестіре алды. Дегенмен Тимофей Скатов тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды. Екінші сетте италиялық спортшы 6:0 есебімен жеңді. Ал шешуші ...

    Read More »

    Бадминтон: Қазақстан құрамасы Африкада қола жүлдені иеленді

    Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілдері Дмитрий Панарин мен Мақсұт Тәжібуллаев Гананың Аккра қаласында өткен JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола медаль жеңіп алды. Олар ерлер арасындағы жұптық сайыста үшінші орынды иеленді. Спортшылар турнирдің ½ финалына дейін жетіп, үнді Абинаш Моханти мен Аюш Паттанаяктан жеңіліп, қола жүлдегер атанды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »