• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Біріккен күрес одағы

    Еркін күрестен U20 ӘЧ: Камиль Куруглиев — күміс жүлдегер!

    Камиль Куруглиев еркін күрестен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шығып, күміс жүлдегер атанды.

    Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстанның балуаны  Шерзод Поеновпен күресті. Тартысты белдесуде Поенов 3:2 есебімен жеңді.

    Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанса, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) пен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *