Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде төрт рет еліміздің әнұранын ойнатып, туын жебіретті.
Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) мен Артур Гафнер (найза лақтыру) турнирдің жеңімпазы атанса, әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан мен Ирина Конищева және аралас 4×400 метрлік эстафетада Алмат Төлебаев, Аделина мен Виталий Земс және Александра Залюбовская алтын медальді жеңіп алды.
Күміс жүлдеге Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Кристина Ермола (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алмат Төлебаев (100 метрге жүгіру) мен Ирина Конищева (жетісайыс) ие болды.
Қола медальді Виктория Ан (200 метрге жүгіру) мен Виталий Земс (100 метрге жүгіру) иеленді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА