Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына стенд атудан алғашқы жүлделер түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Скит бағдарламасында әйелдер арасында тәжірибелі Анастасия Молчанова үшінші орын алды. Ұлттық құрама команданың спортшысы финалда 45 ұпай жинады.
Финалдың нәтижесі:
- Цзян Ютин (Қытай) — 57 ұпай
- Че Юфэй (Қытай) — 56 ұпай
- Анастасия Молчанова
- Махешвари Чаухан (Үндістан) — 35
- Адель Садақбаева (Қазақстан) — 23
- Ольга Хайлова (Қазақстан) — 15
Іріктеу нәтижесінде командалық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасы 339 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Мұнда да Қытай командасы 342 ұпаймен топ жарса, Үндістан үштікті түйіндеді (329 балл), — делінген хабарламада.
Ерлер арасында скиттен ұлттық құрама команданың спортшылары финалға шыға алмады.
Ертең скит бағдарламасында жасөспірімдер жүлдеге таласады.