Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды. Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Daily Archives: 15.09.2025
Тұңғыш рет қазақ боксшысы аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ былғары қолғап шеберлерінің арасында алтын медальді жеңіп алды. Былғары қолғап шебері 90 келіден аса салмақта Өзбекстанның өкілі Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта өзбек боксшысы басым түсті. Дегенмен Айбек Оралбай соңғы үшінші раундта қайсарлық танытып, жеңісті суырып алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем ...
Read More »Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды
Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жапониялықтар Момоко Кобори мен Аяно Шимицумен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ. Есеп — 6:2. Осылайша, Құламбаева жұптық сында WTA жарысында алғаш ...
Read More »