• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиялық комитет

    Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасынан кімдер жартылай финалға шықты?

    Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты жартылай финалға жетті.

    Әзірше Қазақстан құрамасынан 8 спортшы ½ финалға шықты. Өзбекстан командасынан 9 боксшы жартылай финалда жұдырықтасатын болып отыр.  Қытайдың былғары қолғап шеберлерінен 6 спортшы шаршы алаңға шығады.

    Сонымен бірге жартылай финалда Бразилия мен Англиядан 4 боксшы, Ирландия, Түркия, Үндістан, Австралидан 3 спортшы, Әзербайжан, Тайпей, Польша, Испания, Жапония, Куба, Болгариядан  2 адам финалға шығу үшін қолғап түйістереді. Ал АҚШ, Италия, Иордания, Хорватия, Оңтүстік Корея, Венгрия, Франция, Колумбия, Канада, Венесуэла, Грузиядан бір-бір боксшыдан жартылай финалда жұдырықтасады.

    Бүгін ұлттық құрамадан Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Назым Қызайбай (48 кг) ширек финалда шаршы алаңға шығады.

    Еліміздің ерлер құрамасынан әзірше Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (90 келіден аса салмақ), әйелдер құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг), Елдана Талипова (80 келіден аса салмақ) жартылай финалда сынға түседі.

    Ел құрамасынан ерлерде Бейбарыс Жексен (60 кг), Ертуған Зейнулинов (65 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (85 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг), Элина Базарова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Надежда Рябец (75 кг), Гүлсая Ержан (80 кг) жекпе-жектерін ерте бітірді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *