• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    UEFA

    Астанада футзалдан Еуропа чемпионаты жалау көтереді

    Албанияның астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі футзалшылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды.

    Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде бірден финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады.

    Бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазір U-19 санатындағы Еуропа чемпионы – Португалия, ал екі мәрте (2019 және 2022 жылдары) топ жарған Испания ең табысты команда саналады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *