Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Индонезияның астанасы Джакарта қаласында басталған Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс және 5 қола түсті.
Ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 кг) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 кг), Таңжарық Момынтай (60 кг), Заманбек Бақтығали (66 кг) күміс медаль алды. Ал Әбіш Пердалы (50 кг), Аслан Ерғалиев (55 кг), Зере Талғатқызы (40 кг), Аяжан Ринатқызы (48 кг) мен Жанайым Маратбек (52 кг) қола медальді қанағат тұтты.
Құрлықтық дода 10-14 қыркүйек аралығында болады.
Бұған дейін Болгарияның астанасы София қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан балуандары бес медаль алды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА