Бейбарыс Қаблан таэквондодан Кенияның астанасы Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 87 келіден аса салмақта ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанды. Бейбарыс Қаблан финалда Оңтүстік Кореяның өкілі Ян Чжунёнды жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Monthly Archives: желтоқсан 2025
Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Бокстан WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынамасына қатысты өз ой-пікірін білдірді. -Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдап келемін. Бұл жаңалыққа таңғалып отырмын. WADA алғашқы тестті алып, бәрі таза екенін айтты. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші тестте не болғанын түсінбеймін, сондықтан қайта тексеруді талап еттім, — деді ол. Бұған дейін BoxingScene басылымы ерікті ...
Read More »«Ертіс» өз ойыншыларына қарызға байланысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде Павлодар қаласының «Ертіс» клубының футболшылар мен қызметкерлеріне бірнеше айдан бері жалақы төлей алмай жатқаны туралы ақпарат шықты. Eldar_amanvibe telegram арнасында жарияланған жазбаға қарағанда, Қазақстан премьер-лигасына жолдама алған «Ертіс» командасы өз ойыншылары мен қызметкерлеріне миллиондаған теңге қарыз. Клуб бес айдан бері сыйақы да төлей алмай келеді. Қолда бар дерекке қарағанда, клубтың биылғы Бірінші лигадағы бюджеті 1 млрд 332 млн ...
Read More »18 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде 241 сатыға шықты
Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-орында қалса, Александр Шевченко 96-дан 95-ке ауысты. Дмитрий Попко 224-тен 223-ке көтерілсе, Тимофей Скатов 239-ға тұрақтады. Бейбіт Жұқаев 279-дан 280-ге, Михаил Кукушкин 294-тен 299-ға төмендеді. Жаңартылған рейтингіде ерекше серпіліс жасаған теннисшінің бірі Денис Евсеев болды. Өткен аптада Исламабад ...
Read More »Шахматтан АЧ: Қазақстан командасы бес алтын жүлдемен келе жатыр
Таиландтың астанасы Бангкок қаласында шахматтан XXVII жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы. Жасөспірім шахматшылар бағдарламаның үш түрі – классика, рапид және блиц бойынша 11 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын жүлде. Милана Филиппова (G10) мен Мария Холявко (G14) – классикада, Әміржан Әнетов (O10) – рапидте, Әлішер Әбдісаттар (O14) мен Әсия Асылхан (G16) – блицте Азия ...
Read More »Дастан Сәтпаев әлемдік ТОП-5 тізіміне қосылды
Score 90 футболшы Дастан Сәтпаевті өз рейтингіне қосты. Әуелі Score 90 деген не екенін айта кетсек. Ол футболға арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі. Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Рейтингте 2005-2008 жылдары туған үздік футболшылар кірді. 2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасында ТОП-5 тізімі: Леннарт Карль (Германия, «Бавария»); Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»); Нгумоа Рио ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары