• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 24.06.2026

    Алматы облысында конкурдан ел чемпионаты өтеді

    Алматы облысында ат спортының олимпиадалық түрі саналатын конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Ат спорты федерациясы. 27 маусымда еліміздің үздік шабандоздары Талғар ауданындағы Almaty Horse & Polo Club ат спорты кешеніне барады. Чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірінен 50-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыста шабандоздар әртүрлі биіктіктегі кедергілерден өтіп, өздерінің техникалық дайындығы мен шеберлігін көрсетеді. Чемпионат бағдарламасында балалар, жасөспірімдер, әуесқойлар және кәсіби спортшылар арасындағы сайыстар қарастырылған. ...

    Read More »