Қырғызстан Қазақстанның VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын ақыры мойындады. Бір тәулік ойланып, толғанып, Қазақстан спортшыларының 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медальді жеңіп алғанын мойындауға мәжбүр болды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов хабарлады. Ол VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қорытындысындағы медаль есебіне қатысты пікір білдіріп, жарыстың жақсы өткенін, дегенмен командалық есеп бойынша медальдарды ...
Read More »Monthly Archives: қыркүйек 2026
Көптен күткен көкпаршыларымыз жерге қаратты
Көкпар VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының шыңырау шегі еді, деп тақымымызды қысып, жанымызды шүберекке түйіп финалды күттік. Басқа ойындардан көкпардың шоқтығы биік екені анық еді. Ұлттық спортымыздың ішіндегі көкпар орны айрықша екені де рас. Ал финалдағы біздің жігіттердің сүреңсіз көкпарын көріп, әбден қапа болдық. Көздерінде от, жеңіске деген жігер, білекте күш не шеберлік жоқ қандай құраманы алып барғанын білмедік. Әсіресе, тіпті ...
Read More »Шымкентте жаңа күрес залы ашылды
Жаңа оқу жылында Шымкент қаласындағы №149 «Келешек» мектебінде оқушыларға арналған жаңа күрес залы ашылды. Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл федерацияның «Мектеп күрес лигасы» жобасы аясында өңірлерде атқарып жатқан жұмысының жалғасы. Салтанатты іс-шараға Қазақстан күрес федерациясының бірінші орынбасары Дархан Сәрсенов, Шымкент қаласының спорт және білім басқармаларының өкілдері, спорт жанашырлары, федерация мүшелері мен жаттықтырушылар қатысты. Іс-шарада сөз алған Дархан ...
Read More »Health Resort by Qazwell: халықаралық әлеуеті бар сауықтыру курорттарының бірыңғай желісі
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты санаторийлік-курорттық ұйымдар Health Resort by Qazwell бірыңғай бренді аясында жұмыс істейді. Желі құрамына Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайы, Алматыдағы Almaty Resort және Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» шипажайы, сондай-ақ Ыстықкөл жағалауында салынып жатқан «Қазақстан» шипажайы кіреді. Бірыңғай тұжырымдама санаторийлік-курорттық емдеудің көпжылдық дәстүрлерін, табиғи факторларды, заманауи медициналық технологиялар мен халықаралық қызмет көрсету стандарттарын біріктіреді. Health Resort by ...
Read More »Луиш Нани көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Футболдан «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Луиш Нани «Харекет» қоғамдық қайырымдылық қорының әлеуеметтік жобасының аясында қайырымдылық акциясына қатысып, көпбалалы отбасыға жаңа пәтер сыйлады. Ол пәтердің кілтін Орталық стадионда табыс етті. Бұған дейін португалиялық футболшы жалдамалы пәтерде тұрып келген ата-анамен және олардың алты баласымен кездескен еді. Сол кездесуде белгілі болғандай, отағасы отбасын асырау үшін демалыссыз еңбек етсе, анасы денсаулығына байланысты ауыр жұмыс істей алмаған. Стадионда ...
Read More »Көңіл көңілден су ішеді
Ең көне дене шынықтыру-спорт қоғамы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді. Бүгін айналаға үлгі болатын іс-шара «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігінің шаңырағында болып, балалар шад-шадыман көңіл-күймен мектептеріне аттанды. Бұл жолы Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің отбасыларына ерекше көңіл бөлінді. Қоғамның Алматыдағы «Динамо» стадионында Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан ондаған бірінші сыныпқа баратын ...
Read More »Салауатты өмірдің жаршысы
(Қазақ спорт журналистикасының құлагері Әлім Анапьянов жетпіс жаста) Жақсы адам жарық шам секілді, айналасына жарық беріп тұратын. Жақсы адамдармен кездескенде басыңдағы бар мәселеңді кейін ысырып қойып, жақсының айтқан ғибрат сөздерінен ұйып тыңдап, жаңыңа шипа алғандай боласың. Сонымен қатар өмірге деген құлшынысың артып, бойыңа шабыт пайда болады. Міне, сондай жанның бірі Әлім Ілиясұлы Анапьянов. Әлім ағамыз ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары