• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 07.10.2026

    Софья Самоделкина Денис Тен мемориалына қатысады

    Ертең Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирі басталады. Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, мұз айдынына еліміз атынан тоғыз спортшы шығады. Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Әйелдер арасындағы жарысқа Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина мен Нұрия Сүлеймен қатысады. Мұздағы биде ел намысын Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев қорғайды. ...

    Read More »

    Суретті түсірген Нұрғали Жұмағазы

    Фототілшілер — біздің заманымыздың тарихын жасап жатқан әріптестеріміз. Өйткені фотоға түсіріп, оған тіл бітіру аса дарындылардың ғана қолынан келетін өнер. Бүгінгі күні түсірілген қарапайым фото суреттер бірнеше онжылдықтан кейін баға жетпес тарихи құжатқа айналады. Иә, адамдардың кескін-келбетін, оқиғаларды жылт еткізіп түсіре салуға болады. Бірақ адамның болмыс-бітімін,  айналада болып жатқан нәрсенің бәрін фотосуреттер арқылы тіл бітіру, сөйлету екінің бірінің қолынан келе ...

    Read More »

    Батырдың рухына арналған белдесу

    Биыл қазақ күресінен жасөспірімдер арасында батыр бабамыз Райымбек Хангелдіұлы атындағы дәстүрлі респбликалық жарыс 25-рет ұйымдастырылды. Бұл жарыс қазақ күресінің елімізде дамуына зор үлесін қосып келген тартысты доданың бірі болып саналады. Төл күресімізден бүгінде әлем, Азия чемпионаттарында ел намысын қорғап жүрген көптеген балуан осы жарыста күресіп, есімдері елге танылған десе артық болмас. Қазақтың сахара кең даласы қаншама тарихты қойнына құшып жатыр ...

    Read More »