Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Индонезияның астанасы Джакарта қаласында басталған Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс және 5 қола түсті. Ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 кг) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 кг), Таңжарық Момынтай (60 кг), Заманбек Бақтығали (66 кг) күміс медаль алды. Ал Әбіш Пердалы (50 кг), Аслан Ерғалиев (55 кг), Зере Талғатқызы (40 кг), Аяжан Ринатқызы (48 кг) ...
Read More »Жарыс
Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасынан кімдер жартылай финалға шықты?
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты жартылай финалға жетті. Әзірше Қазақстан құрамасынан 8 спортшы ½ финалға шықты. Өзбекстан командасынан 9 боксшы жартылай финалда жұдырықтасатын болып отыр. Қытайдың былғары қолғап шеберлерінен 6 спортшы шаршы алаңға шығады. Сонымен бірге жартылай финалда Бразилия мен Англиядан 4 боксшы, Ирландия, Түркия, Үндістан, Австралидан 3 спортшы, Әзербайжан, Тайпей, Польша, Испания, Жапония, Куба, ...
Read More »Астанада футзалдан Еуропа чемпионаты жалау көтереді
Албанияның астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі футзалшылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды. Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде бірден финалдық кезеңге жолдама алады. ...
Read More »Дзюдодан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы төрт жүлде алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы үшін жарыс аяқталды. Қазақстанның дзюдошылар құрамасы құрлықтық жарыстан 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде алды. Соның нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Ұлттық құрамадан Ермек Амангелді (73 кг) кубоктың иегері атанса, Табылды Бигембаев (66 кг) пен Әлішер Слямжанов (90 кг) күміс, Ұлықбек Әбілқайыр (66 кг) қола медаль ...
Read More »Семсерлесушілер Азия кубогының иегері атанды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия кубогының екінші күнінде бірнеше жүлдеге ие болды. Рапирамен семсерлесуден командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарын жеңіп, Кубоктың иегері атағын алды. Қазақстан құрамасы қылыш қаруымен айқасудан қыздар арасындағы командалық сайыста екі жүлдені иеленді. Күміс медальді Найля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық пен Леона Югай ...
Read More »Теннисші Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте көтерілді
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады. Бұл тізімде 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы атап айтарлықтай ұпай жинап, бірден 29 сатыға жоғарылады. Қазір ол 25-орында тұр. Биыл ол жасөспірімдер арасында өткен АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына дейін жеткен еді. Әмір Омарханов өз нәтижесін сақтап, 28-орында қалды. Ал Дамир Жалғасбай үздік 50 спортшының қатарына енуді мақсат етіп отыр. Ол ...
Read More »Шыңғыс Тайлиев қарт құрлықта каратэден қола жүлдені жеңіп алды
Ұлттық құраманың спортшысы Шыңғыс Тайлиев Австрияның Зальцбург қаласында өткен А сериясындағы турнирде кумите бағдарламасында 75 кг дейінгі салмақта жүлде алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қола медаль үшін жекпе-жекте ол Финляндия өкілі Томас Сур Инкеройненді 7:2 есебімен жеңді. Отандасымыз жарыста Роман Чимбурді (AIN2) 11:1, Марио Ианнуцциді (Италия) 7:2, Витулано Дженнароны (Италия) жеңсе, жұбаныш кезеңде ...
Read More »Биыл бұқаралық спортпен 300 мыңнан астам адам айналыса бастаған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортты қолдау мен спортшыларға жағдай жасауды тұрақты назарда ұстап келеді. Президенттің бастамалары негізінде елімізде бұқаралық және балалар спорты қарқынды дамып жатыр. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, былтыр дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысты. Бұл – жалпы халықтың 41,4% пайызы. Оның ішінде 6 021 117 адам (72%) – ер адам болса, ...
Read More »Аружан Сағындықова ITF W15 турнирінде жеңіске жетті
Теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Қытайдың Луань қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты. Есеп – ...
Read More »Қазақ қызы тұңғыш рет Солтүстік бұғазынан жүзіп өтті
Батыс Қазақстан облысының тумасы Әнел Сытдықова елімізден Ирландия мен Шотландия арасындағы Солтүстік бұғазын жүзіп өткен алғашқы әйел атанды. Ол Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында бұғазды 4 қыркүйекте сағат 36 минут 19 секундта жүзіп шыққанын айтты. Отандасымыз Солтүстік бұғазын жүзіп өткен 185 адамның қатарына енді. Төрт адамның бәрі де мәреге жетті. Менімен бірге болған германиялық, Олимпиада чемпионы Андреас 8 сағатта жүзіп өтіп, ...
Read More »