• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қазақстан клубтары элитада ойнайды

    Алматының «Қайрат» клубы мен Семейдің «Семей» командасы UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі алғашқы ойындарын ойнады. Бұл жолы «Қайрат» жасағы сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» клубымен күш сынасты. Матч басталғанда Алматының командасы жылдам гол соғып үлгерді. Бұл голды 1-минутта Кайо Руиз соқты. Бельгиялық команда да қол қусырып отырмады. Олар үш голмен жауап берді. Ранжел 2-минутта, Грелло 3-минутта допты торға тулатса, 10-минутта Эрик ...

    Read More »

    «Бокс — тек шаршы алаңда емес, одан тыс жерде де күресетін спорт түрі»: Головкин БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді

    Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен Конгресте World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Осылайша Қазақстан тарихында халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Tengrinews.kz сайтына сұхбатында World Boxing басшысы жаңа қызметін Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетіндегі жұмыспен үйлестіру жайлы, сондай-ақ әуесқой боксқа оралуының себептері мен жаңа лауазымдағы негізгі бағыттары туралы айтып берді. – Геннадий ...

    Read More »

    Әмір Омарханов алғашқы жеке титулын жеңіп алды

    18 жастағы Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда өзімен қатарлас, әлемдік рейтингіде 824-орында тұрған германиялық Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Матч тартысты болды. Бірақ Омарханов шешуші сәтте басымдықты сақтай білді. Ол бұл титулды алу үшін турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын жеңді. Қазақ теннисшісінің ...

    Read More »

    Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстан 56 медаль алды

    Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Жалпы есепте отандастарымыз 56 медаль алды. Оның ішінде 15 — алтын, 20 – күміс және 21 — қола медаль бар. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте жетінші орынға орналасты. Қазақстанның жүзу, ауыр атлетика және джиу-джитсу құрамалары ел қоржынына үш медальдан салды. Үстел теннисшілері екі алтын медаль жеңіп алды. Дзюдоистер, муай-тайшылар, ...

    Read More »

    «Ақжайық» клубы Ресей чемпионатына қатыспайды

    Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарысқа қатысып жүрген Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымда чемпионаттан тыс қалды, деп хабарлады Kazinform агенттігі. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, допты хоккей олимпиадалық спорт түрлері тізіміне кірмеген. Сол себепті басым бағыттағы спорт түрі болып есептелмейді. — Дегенмен 2025 жылы облыстық бюджеттен 61 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ қосымша іссапар шығындарына 27 млн теңге ...

    Read More »

    Қазақ клубтарын құрылыс компаниялары сатып алып жатыр

    «Qazaq Stroy» компаниясының басшысы әрі соның құрылтайшысы Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубынының иесі атанды. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, клубтың баланстық құны — 200 млн теңге. «Ақтөбе» футбол клубының құжаты бірер айда толық рәсімделеді. — Жекешелендіру — тікелей президенттің тапсырмасы. Бюджеттен қаржы бөлінбейді. Еліміздің қалталы азаматтары алып, клубты жетілдіреді. Клубқа қызығушылық танылып, өз үлесін қосамын деген кәсіпкер анықталды. Ол — «Qazaq Stroy» ...

    Read More »

    Бейсен Құранбекке құрмет көрсетілді

    Жақсы адам бағбан секілді. Өзінің тал шыбықтай отырғызған жеміс ағашын, асқан сүйіспеншілікпен, ынтамен қарап бағады. Сосын бағынан үзіліп түскен әрбір жемісін жеп, рахаттанып жатқан адамдарға қарап тұрып үлкен ләззат алады. Бұл нағыз адамгершілктің биік көрінісі. Адам өмірінде өзінің жаны қалап, таңдап алған мамандығы бар ғұмырына азық болары хақ. Иә, егер сол сүйікті мамандығынының жемісін көре білсе одан асқан бақыт жоқ ...

    Read More »

    УЕФА Чемпиондар лигасы: «Қайрат» енді Астанада ойнайды

    «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Грекияның «Олимпиакос» және Бельгияның «Брюгге» командаларымен Астанада ойнайды, деп хабарлады Алматы қаласының футбол клубы. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» клубымен ойын 9 желтоқсанда, «Брюгге» командасымен матч 20 қаңтарда «Астана Арена» стадионында болады. -Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге ...

    Read More »

    EURO-2026: Қазақстан U-17 алғашқы матчта үш ұпай алды

    Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Неделище қаласында Еуропа чемпионатының 2026 жылғы іріктеу турнирі аясында осы елдің құрама командасымен ойнады. Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта голды Ислам Рақым мен Расул Акимов салды. Хорваттар сапынан Юрай Фриган пенальтиден допты торға тоғытты. Айта кету керек, қарсылас команда матч соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болды. Алайда Лука Бартолович ...

    Read More »

    Жаны жомарт жан еді

    Жомарттық адам бойына туа бітетін қасиет секілді. Кейбір жомарт жандар өзі емес өзгенің жағдайын ойлап тұрады. Өйткені, оған Алла нәсіп етіп, туа біткен қанмен келген қасиет оны ешқандай өзгерте алмайсың. Қазақта атымтай жомарттар есепсіз көп болған. Сондықтан да болар қазақтың даласындай дархан мінезді, кеңпейілді жомарттығының арқасында еліміз аман, жұртымыз тыныш өмір сүріп жатқанымыз. Қонағына жалғыз атын мінгізіп жіберіп, жүгінен ұстап ...

    Read More »