• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 команда аталды

    Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 клуб анықталды. Жарыстың негізгі кезеңіне Алматының «Қайрат» клубы да 31 командамен бірге Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, жолдама алды. Топтық турнирге барлығы 36 команда қатысады. Әрбір команда сегіз матч ойнайды. Бірінші тур 16 қыркүйекте басталады. Сегізінші тур келесі жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпанға, 1/8 финал 10-11 ...

    Read More »

    «Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты

    Бүгін ару қала Алматы ғана емес, бүкіл қазақ даласы «Қайрат» футбол клубы үшін бөркін аспанға атып, қуанып жатыр. Осыдан сәл ғана уақыт бұрын Алматының теңбіл доп командасы Шотландияның «Селтик» жасағын пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты. Бұған дейін осыдан 10 жыл бұрын «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық турнирінде ойнаған болатын. Енді міне, «Қайрат» дүрмекті ...

    Read More »

    Волейболдан ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы плей-оффқа жолдама алды

    Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы  Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-оффқа жолдама алды. Құрама команда B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады. Сондықтан  Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңуді алдына мақсат етіп қойып, қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Енді жастар командасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Дмитрий Панарин бадминтоннан күміс жүлдегер атанды

    Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерунның астанасы — Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалына шығып, күміс жүлдегер болды. Ерлер арасындағы жекелей сайыстың фитналында отандасымыз Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен ойнады. Бұл ойын қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды. Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...

    Read More »

    WTT Feeder Panagyurishte: Зәуреш Ақашева үстел теннисінен қола жүлдегері атанды

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Болгарияның Пангарюште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медальді жеңіп алды. Турнирде Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0, Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді. Дегенмен оның украиналық Анастасия Димитренконы жеңіге шамасы келе алмай, одан  1:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Соның кесірінен ол үшінші орынды қанағат тұтты. Осы жарыста отандастарымыз ...

    Read More »

    WTA 250: Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250: турнирінің жеңімпазы атанды. Ол сербиялық Александра Крунич екеуі жарыстың бірінші ракеткалары болып есептеліп, финалда тайбэйлік Чань Хаочин мен қытайлық Синью Яньді жеңді. Бірінші партияда тай-брейкте Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:6 (7:3) жеңсе, екінші сетте 6:4 есебімен айласын асырды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Арсен Жұма — қола жүлдегер!

    Арсен Жұма грек-рим күресінен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Балуан үшінші орын үшін күресте Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді. Бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдені иеленген болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Диас Сейітқалиев U20 санатында күміс жүлдегер атанды

    Балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының екінші сатысына көтерілді. Финалда Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен жеңілді. Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Енді ертең  Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Мергендер Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

    16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында нысана көздеу спортынан өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Қазір ұлттық құрама команда 9 медальді атап айтқанда, 2 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлдені жеңіп алды. Елімізге алғашқы алтынды Ислам Сатпаев сыйлады. 10 метрлік пневматикалық винтовка жаттығуының финалында Алматы қаласының өкілі, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері қытайлық және кореялық қарсыластарын ...

    Read More »