Әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен челленджер турнирінде топ жарды. Ол финалда әлемнің 233-ракеткасы, италиялық Стефано Травальямен ойнап, – 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші партияда Скатов 3:0 есебімен алға шыққан еді. Бірақ Травалья тез арада таразы басын теңестіре алды. Дегенмен Тимофей Скатов тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды. Екінші сетте италиялық спортшы 6:0 есебімен жеңді. Ал шешуші ...
Read More »Жарыс
Бадминтон: Қазақстан құрамасы Африкада қола жүлдені иеленді
Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілдері Дмитрий Панарин мен Мақсұт Тәжібуллаев Гананың Аккра қаласында өткен JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола медаль жеңіп алды. Олар ерлер арасындағы жұптық сайыста үшінші орынды иеленді. Спортшылар турнирдің ½ финалына дейін жетіп, үнді Абинаш Моханти мен Аюш Паттанаяктан жеңіліп, қола жүлдегер атанды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Kazakhstan Open 2025: Қаазақстан қоржыны 107 медальмен толықты
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында таеквондодан Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі мәресене жетті. Бұл туралы Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы хабарлады. Бүгін даянгқа 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шығып, 20 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 68 медаль алып, көш бастады. Екінші орынға Жеке бейтарап спортшылар (AIN), үшінші орынға Палестина спортшылары тұрақтады. Жүлделі орындар төмендегідей: Ұлдар 33 ...
Read More »Қазақ күресінен ӘЧ: Қазақстан қоржынында – 8 алтын, 6 күміс, 2 қола жүлде!
Астана төрінде тұңғыш рет өткен әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен бұл дүбірлі дода – тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық рух пен жауынгерлік жігердің тоғысқан шынайы мерекесі болды. Бұл чемпионат — ұлттық спортымыздың әлемдік деңгейдегі беделін айқындаған тарихи белес. Бозкілемдегі әр белдесу ...
Read More »Kazakhstan Open: Таеквондошылар 19 алтын жүлдені жеңіп алды
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында таеквондодан халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open 2025 турнирінің екінші жарыс күні болды. Бүгін жарыс жолына жастар шықты, Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту диеркциясы. Жас таеквондошылар жоғары дайындық деңгейін, тартысты белдесулер мен жеңіске деген жігерін көрсете отырып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады. Жарыстың екінші күні жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан командасы иеленсе, екінші орын АҚШ ...
Read More »Астанада спорт ардагерлерінің бірінші республикалық форумы басталды
16-17 тамыз күндері Астанада Спорт күні қарсаңында Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан спорт ардагерлері одағының құрылуына орай спорт ардагерлерінің бірінші республикалық форумы болады. Қазақстан спорт ардагерлері одағы биыл ақпан айында құрылған. Оның мақсаты – еліміздің жер жерінде қоғамдық бірлестіктің филиалдарын құрып, жергілікті жерде есімдері еленбей, ескерілмей, ұмытылып бара жатқан спорт ардагерлерін әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қолдап, тиісті көңіл бөлу. Қазір арамызда ...
Read More »Cлаломды есуден АЧ: Қазақстан тағы екі жүлде алды
Қытайдың Сяси қаласында слаломды есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медальді жеңіп алды. Оның екеуі де қола жүлде. Үшінші орынға Анастасия Ананьева мен Александр Куликов көтерілді. Олар каное жалғыз дисциплинасында жүлдегер атанды. Қазір Қазақстан құрамасында үш жүлде бар. Бұған дейін Екатерина Таранцева (байдарка жалғыз) күміс медаль иеленген еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Kazakhstan Open: Таеквондошылар он алтын медаль жеңіп алды
Астанада таеквондодан Kazakhstan Open-1025 G1 халықаралық турнирінің бірінші күні болды. Рейтингтік жарыста Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын медаль бар. Алтын медальді Еркебұлан Енсегенов (54 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг), Нұрбек Ғазез (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Бейбарыс Қаблан (87 келіден аса салмақ), Айдана Құмартаева (46 кг, Нодира Ахмедова (53 ...
Read More »Ұлбосын Әділова — XII Дүниежүзілік ойындарының чемпионы!
Қытайдың Чэнду қаласында XII Дүниежүзілік ойындарындағы жауынгерлік самбодан жекпе-жектер аяқталды. Бұл сында Қазақстан қоржынына 1 алтын, 3 күміс медаль түсті. Жалқы алтын жүлдені 80 келіде күш сынасқан Ұлбосын Әділова жеңіп алды. Ол финалда 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мавлуда Абдуллаеваға қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті. Ұлбосын Әділова ½ финалда филиппиндік Яп Ейселин Агнесті 2:0, ¼ финалда мексикалық Нэнси Эрнандесті таза ...
Read More »Слаломды есуден АЧ: Екатерина Таранцева — күміс жүлдегер!
Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты жалауын көтерді. Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс медаль түсті. Оны байдарка жалғыз дисциплинасында Екатерина Таранцева 104.82 нәтижесімен жеңіп алды. Ол мәреге екенші болып жетті. Азия чемпионаты 17 тамызға дейін болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »