Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында таеквондодан 15-17 жас аралығындағы жастар арасында GTF әлем чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 25 елінен 600-ден астам спортшы қатысты. Бұл сында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Сабрина Байжігітова әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. Қазақстан құрамасы бұл жарыста лайықты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Астана қаласының спортшысы Сабрина Байжігітова 40 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ ...
Read More »Жарыс
Бахтиер Зайнутдинов не үшін Ресейді таңдағанын айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубына не себепті ауысқанын айтты. «Динамо» клубына келгеніме өте қуанып отырмын. Жігіттер мені жақсы қарсы алды. Командадағы бес-алты футболшыны танимын. Солармен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Валерий Карпиннің ойыншыларға беретін жүктемесі әртүрлі, өте қарқынды жаттығулар жасатады. Оқу-жаттығу жиынына қатысып, бірте-бірте қалыпқа келіп жатырмын. «Динамоның» амбициясы көп. Мен жоғары орындар үшін барымды ...
Read More »Басқарманың волейболдан бастамасы
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Байсат», «Алтын орда», «Тастақ» және басқа да базарлардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Әр командада қыздар мен жігіттер аралас болды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ ...
Read More »Таеквондодан АЧ: Қазақстан жастар құрамасы 11 жүлде алды
Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде де Қазақстан құрамасының қоржыны жүлдемен толықты. Бұл жолы спортшылар төрт медаль алды. Құрама командада Аружан Найманбаева (68 кг) Азия чемпионы атанды. Ал Ринат Елібай (51 кг), Павел Эм (59 кг) пен Ақбота Желеу (46 кг) қола жүлдені иеленді. Бұған дейін Бунед Бахрамкулов (45 кг) пен Айым Серікбаев ...
Read More »Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты
Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен 23.33 секунд жүзіп шықты. Осы нәтиженің арқасында ол 18-орынға орналасты. Жартылай финалға тек 16 спортшы шығады. Егер басқа жүзушілер белгілі бір себеппен жарыспаса, Әділбек Мусин солардың біреуінің орнын алмастырады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »«Менің басты мақсатым – берік жүйе құру». ҚФФ президентімен сұхбат
Биыл Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына Марат Омаров тағайындалғанына жарты жыл толды. Осы уақыт аралығында отандық футбол жүйесінде ауқымды өзгерістер басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бұл сұхбатта ҚФФ президенті стратегиялық басымдықтар, клубтарды жекешелендіру, бизнес әріптестік, ұлттық құрамалар және адал ойын принциптері туралы айтты. – Марат Талғатұлы, федерацияны басқарғаныңызға жарты жыл болды. Осы уақыт ішінде өзіңіз үшін қандай басты мақсаттар ...
Read More »Қазақстан қоржыны жеті жүлдемен толықты
Бүгін Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл жарыста отандастарымыз екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Оған Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшы қатысты. Турнирде мына спортшылар жүлдегенлер қатарынан көрінді. 2-орын Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева, Қарағанды). 2-орын Злата Стадник (жаттықтырушысы — Татьяна Ким, Қарағанды). 3-орын Қарақат Мейрхан (жаттықтырушысы Бауыржан Шайхин, Семей қ.). 3-орын Аделя Әлжанова (жаттықтырушылары — Ернар Ыбырай, Дмитрий Переверзев, Қызылорда). 3-орын Нұрдәулет Азаматұлы (жаттықтырушысы — ...
Read More »Александр Бублик — ATP 250 турнирінің үздік теннисшісі!
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында жалауы желбіреген ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бұл жеңіс — Александр Бубликтің ATP жарысындағы жетінші жеңісі. Сонымен бірге ол биыл үшінші рет теннис турнирінің жеңімпазы атанып отыр. Енді ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Теннисші қыз-жігіттер Қазақстан чемпионы атанды
Астана қаласында теннистен ересектер арасындағы Қазақстан чемпиондары мен жарыстың жүлдегерлері анықталды. Әйелдер арасында осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева еш талассыз ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда чемпионаттың үшінші ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықованы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Одан кейін қола медальді Іңкәр Дүйсебай Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңіп, иеленді. Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы Әмір Омарханов ...
Read More »Таеквондодан АЧ: Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен келе жатыр
Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты басталмай жатып, Қазақстан құрамасы жеті медальді жеңіп алды. Бунед Бахрамкулов (45 кг) мен Айым Серікбаев (42 кг) Азия чемпион атанды. Бұған дейін 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Давранбек Ризаев құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, енді араға 20 жыл салып, Айым Серікбаева мен Бунед Бахрамкулов Давранбек Ризаевтың жетістігін қайталады. ...
Read More »