Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-орында қалса, Александр Шевченко 96-дан 95-ке ауысты. Дмитрий Попко 224-тен 223-ке көтерілсе, Тимофей Скатов 239-ға тұрақтады. Бейбіт Жұқаев 279-дан 280-ге, Михаил Кукушкин 294-тен 299-ға төмендеді. Жаңартылған рейтингіде ерекше серпіліс жасаған теннисшінің бірі Денис Евсеев болды. Өткен аптада Исламабад ...
Read More »Жарыс
Каратэден ӘЧ: Софья Берульцева – күміс жүлдегер!
Ұлттық құраманың көшбасшысы Софья Берульцева Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және және министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз +68 кг салмақтың финалында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте қарсылас басым түсті. Осыған қарамастан Софья Берульцева қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді. Оның ...
Read More »Әлем кубогы: Кристина Шумекова тағы да алтын жүлдені жеңіп алды
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол 30 қарашада 1500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді. Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді. ...
Read More »Каратэден ӘЧ: Дидар Әмірәлі мен Әсел Қанай – қола жүлдегер!
Бүгін Мысырдың астанасы Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында кумитеден 61 кг дейінгі салмақта отандасымыз Әсел Қанай мен 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірәлі үздік үштіктен көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әсел Қанай жүлде жолында украин Олександра Шолоховадан басым түсті. Есеп: 3:2. Әселдің биылғы чемпионаттағы жекпе-жектеріне шолу: Топтық кезең: Әсел Қанай ...
Read More »Әлем кубогы: Кристина Шумекова екі алтын медаль жеңіп алды
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды. 1000 метр Кристина Шумекова Аяно Секигучи (Жапония) Ханна Мазур (Польша) 3000 метр Кристина Шумекова Лике Хейзинк (Нидерланд) Цзяминь Цзян (Қытай) Нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста ...
Read More »Сүйінші! Ләззат Жүсіпова пара-каратэден тарихи жүлде жеңіп алды
Бүгін Мысырдың астанасы Каир қаласында пара-каратэден (WKF) әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы додада Қазақстан құрамасының қоржынына 1 қола жүлде түсті. К10 категориясында (зағип/көзі нашар көретін спортшылар) сынға түскен отандасымыз Ләззат Жүсіпова үздік үштікке кірді. Жаттықтырушысы — Мейрамгүл Дукуева. Спортшы 2017 жылдан бері әлемдік додаға қатысып келеді. Бұл — Қазақстан қоржынына пара-каратэшілер арасында түскен алғашқы ...
Read More »«Елдос Сметов татамиге оралама?» Сұраққа ұлттық құраманың өкілі жауап берді
Ертең, 28 қарашада Әбу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирі басталады. Осы орайда ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобазде Olympic.kz сайтына сұхбатында дайындықтың жай-жапсары жайлы айтып, өзекті сұрақтарға жауап берді. — Эр-Риядта өткен жарыста белдескен спортшыларға баға берсеңіз. Неліктен дәл осындай құрамды шығаруды жөн көрдіңіз? — Ислам ойындары біз үшін ойдағыдай болды деп ойлаймын. Бұған дейінгі Ислам ойындарында Қазақстан құрамасы небәрі ...
Read More »UEFA Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев тағы да өзіне назар аудартты
Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында Данияның «Копенгаген» клубымен ойнап, одан 2:3 есебімен жеңілді. Ол 81-минутта «Копенгаген» командасы қақпасынан саңылау тапты. Сөйтіп, Сәтпаев 17 жасында UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді. Сонымен бірге Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты. Бүгін ол 17 жас 105 күн толып отыр. Ал тізімнің көш басында ...
Read More »Олимпиялық ойындардың алауы жағылды
Ежелгі Олимпияда (Грекия) 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін қысқы Олимпиялық ойындардың алауы салтанатты түрде жағылды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рәсім дәстүр бойынша Гера храмында емес, Археологиялық мұражайдың ішкі залында болды. Бас діни қызметкердің рөлін биыл да актриса Мэри Мина атқарды. Салтанатты іс-шараға Грекия президенті Константинос Тасулас, Халықаралық Олимпиялық комитеттің басшысы Кирсти Ковентри, 2026 жылғы ...
Read More »Қазақстан құрамасы XXV жазғы Сурдлимпиадада 25 медаль алды
Бүгін Жапонияның астанасы Токиода XXV жазғы Сурдлимпия ойындары мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. -Ең көп жүлдеге сурдо дзюдо спортшылары ие болды. Аталған спорт түрінен отандық спортшылар 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль алып, барлығы 11 жүлдені иеленді. Осы нәтижемен Қазақстан дзюдошылары жалпыкомандалық ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары