• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Gorky Tennis Park — Roland-Garros-тың ресми клубы

    Gorky Tennis Park ең беделді теннис турнирлерінің бірі — Roland-Garros ресми клубы мәртебесін алды. Сөйтіп, ол әлемдегі үш клубтың бірі атанды.  Әріптестік Франция теннис федерациясы мен Gorky Tennis Park арасында ресми келісіммен бекітілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Біз тарихи сәтке қол жеткізіп, Қазақстан аумағында үлкен брендтің атынан өкілдік ететінімізге өте қуаныштымыз. Өйткені біздің шешуші міндетіміз – елде теннисті кемеліне ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан пара спортшылары тоғыз медаль алды

    Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасының пара спортшылары тоғыз медаль жеңіп алды. Бұл әлемдік додаға 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Ол шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен болды. Чемпионатта классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов пен Әлімжан Аяпов қола жүлдені иеленсе, блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Ақтөбе» жарыспен қош айтысты

    «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасынан жеңіліп қалды. Осыдан бірнеге күн бұрын команда арасындағы ойында Ақтөбенің клубы қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді. Бұл есеп «Ақтөбеге» келесі кезеңге шығуға көп шанс берді. Алайда, олар Прагада осы мүмкіндікті пайдалана алмады. Осы матчта «Спарта» қонақтардан айласын асырып, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері екі голды бірінші таймда, тағы ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Астана» үшінші іріктеу кезеңіне шықты

    «Астана» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Молдованың «Зимбру» командасын жеңіп, келесі айналымға шықты. Бірінші матчта командалар Астанада 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. Сол себепті Кишинеудегі ойын аса қызықты және тартысты болды.  «Астана» бірінші минуттан бастап шабуылға жиі шығып, алаң иелерінің қақпасына қауіпті жағдай жасап отырды. Соның нәтижесінде Джеффри Чинеду 18-минутта қарсыластар қақпасының кілті тауып, бірінші ...

    Read More »

    Мадхия Усманова — әйелдер күресінен әлем чемпионы!

    Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Ол 57 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. 43 килоға дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль алды. Бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атағын алған болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстан паратаэквондо құрамасы бес жүлдені жеңіп алды

    Малайзияның Кучинг қаласында паратаэквондодан (пумсэ) өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Таеквондо федерациясы. Абзал Ахметкерей (Р31 санаты) мен Карен Овсепян (Р33 санаты) чемпион атанды. Елдос Жәнібек (Р34 санаты) пен Дәурен Серіков (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Айдарбек Расқалиев (Р21 санаты) қола медальді иеленді. Енді таяу арада Астанада таэквондодан ...

    Read More »

    Заңғар Нұрланұлы алғаш рет челленджер турнирінің ширек финалына шықты

    Астанада Президент кубогы үшін теннистен өтіп жатқан челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы сенсациялық нәтижеге жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Заңғар Нұрланұлы жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски мен үндістандық Сингх Каранды 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Бұл Заңғар Нұрланұлының спорттық жолындағы челленджер додасындағы алғашқы жеңісі болып отыр. Отандасымыз ең шешуші тұстарда шеберлігін көрсетіп, сәтті ойнай білді. ...

    Read More »

    Жаңажол Қуанышбек — грек-рим күресінен әлем чемпионы!

    Грекияның астанасы — Афина қаласында жасөспірімдерарасында грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатынан қуанышты хабар келіп жетті. U17 әлемдік додасының үшінші күнінде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Жаңажол Қуанышбек 45 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды. Жаңажол Қуанышбектің әлем чемпионы атағын жеңіп алғанына «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық ...

    Read More »

    Семсерлесуден ӘЧ: Қазақстан тарихи қола жүлдені жеңіп алды

    Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы сайысынан сынға түскен Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов төрттігі үшінші орын жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы (1908, 1924, 1932, 1948, 1980, 1988, 2004, 2008, 2016) Францияны жеңіп, қола жүлдеге ие болды деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Екі елдің құрама командасы 2023 жылдың ...

    Read More »

    Грек-рим күресінен ӘЧ: Қазақстан балуандары тағы екі жүлде алды

    Грекияның астанасы — Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс, бір қола жүлде түсті. Бұл жолы Асқар Нұрәли (55 кг) күміс жүлдегер атанса,  Шамил Досбол (65 кг) қола медальді иеленді. Бұған дейін осы дүрмекті додада Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) финалда қарсыласынан жеңіліп, екінші орын алған еді. Енді Жаңажол ...

    Read More »