• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Рыбакина белгілі бір себеппен «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды

    Бүгін теннисші Елена Рыбакина Roland Garros турнирін жалғастыра алмады. Осыған байлансты ол баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерге мән-жайды айтып берді. Кеше кешке басым ауырып, жағдайым нашарлап, температурам көтерілді. Таңертең жақсы боламын ба деп едім, бірақ қазір де әлсіздік бар, температурам басылмай тұр, — деді ол. Теннисші басы ауырып, дене қызуы көтеріліп тұрған соң, кортқа шыға алмайтынын айтты. Жаттықтырушылармен ақылдастым. Олар кортқа ...

    Read More »

    Теннистен кейін бокспен де айналысуым мүмкін –Рыбакина

    Францияның ашық чемпионатына («Ролан Гаррос» турнирі) қатысып жатқан Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Елена Рыбакина теннистен кейін спорттың қай түрімен айналысуы мүмкін екенін айтты. Ол жарысты ақпараттық жағынан қолдауға барған журналист Асқар Ағатаевқа «Ролан Гаррос» турниріндегі екінші жеңісінен кейін болашақта бокспен айналысып көретінін атап өтті. Рыбакина чехиялық Линда Носкованы ұтқаннан кейін әуелі теннисшімен ойын туралы пікір білдірді. Мен былтыр оның ...

    Read More »

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты

    Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен ұтты. Екіншісінде қытайлық спортшы 6:4 есебімен есе қайтарды. Үшінші сетте Путинцева 6:2 есебімен ұтты. Енді Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен ойнайды.

    Read More »

    Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесіп, оны 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде чехиялық спортшы брейкпен алға шыққан еді. Бірақ Рыбакина оның жеңіске деген жігерін көп ұзатпады.  Қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен ...

    Read More »

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты

    Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген тегі украиналық Марина Заневскаямен кортта кездесті. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды. Есеп – 4:1. Одан кейін Юлия Путинцева да да қалыспай, есеп 3:5 болғанда қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос» турнирінің жеребесі тартылды

    Қазақстанның алғашқы раундта ойнайтын қарсыластары анықталды 28 мамырда теннистен Францияның ашық чемпионаты – «Ролан Гаррос 2023» турнирі басталады. Осыған байланысты әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сындағы жеребе тарту рәсімінің нәтижелері белгілі болды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен (квалифайер) немесе іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде жеңілген теннисшімен (лаки-лузер) кездеседі. Юлия Путинцева бірінші айналымда бельгиялық Марина Заневскаямен (88-ракетка) ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

    Лондонда Билли Джин Кинг кубогыгың (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстандық әйелдер құрамасы В тобында Билли Джин Кинг кубогын жеті рет жеңіп алған Австралиямен және Словениямен ойнайды. Топтан бірінші орын алған команда ғана жарысты жалғастырып, жартылай финалға жолдама алады. Қазақстан әйелдер құрамасы сәуір айында іріктеу сатысында Польшаны жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Испанияның ...

    Read More »

    Рыбакинаның табысы жарияланды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы жарияланды. Ол Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алғаны үшін 564 407 АҚШ доллары немесе теңгемен есептегенде 252 млн теңге сыйақы алды. Ал оның жыл басынан бергі табысы 3 752 354 доллар (1,6 млрд теңге) болды. WTA сайтының хабарлауынша, Рыбакина халықаралық турнирлерге қатыса бастаған кезден бері  10 млн 113 ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алған соң, Әйелдердің теннис қауымдастығының жариялаған тізімінде ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды. Рыбакина 5090 ұпай жинап, төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) басып озды. Қазір ол рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі  115 балл ғана қалып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның басқа да теннисшілері ...

    Read More »

    Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. ...

    Read More »