• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Рыбакина екінші рет қатарынан Майами турнирінің финалына шықты

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол жартылай финалда аса тәжірибелі, кезінде дүниежүзілік рейтингіде көш бастаған, қазір 32-орында тұрған Беларусьтің өкілі Виктория Азаренкомен ойнады.

    Азаренко спорттық жолында талай рет табысқа жеткен. Соның ішінде Аустралия ашық чемпионатының екі рет, Miami Open WTA 1000 турнирінің үш дүркін жеңімпазы атанған.  Дегенмен Азаренко мен Рыбакина бір-бірімен үш рет кездесіп, бәрінде отандасымыз жеңген.

    Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде Рыбакина брейк жасай алды. Содан кейін сетті 6:4 есебімен өз пайдамына шешті.

    Екіншісі сетте Азаренко үш брейк жасап, бет қаратпады. Есеп — 6:0.

    Үшінші, шешуші сетте есеп 2:2 болғанда, Рыбакина брейкпен алға шықты. Бірақ матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алды. Есеп 5:5 болып, ойын қыза түсті. Осы кезде Рыбакина тай-брейкте өте сәтті ойнады. Қорытынды есеп — 7:6 (7:2).

    Енді Рыбакина финалда әлемнің 53-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен сынға түседі.

    Д.Коллинз жартылай финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрованы 6:3, 6:2 есебімен жеңген.

    Осылайша, 30 наурыз күні Рыбакина Коллинзбен кортқа шығады. Екеуі бесінші рет кортта кездеседі. Әзірше есеп – 3:1, Елена Рыбакина алда.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *